Қазгидромет 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Таяу күндері республиканың басым бөлігінде жаңбырлы, салқын ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын жауады.
5 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр және қар жауады. Түнде және таңертең республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі», – делінген хабарламада.
Ауа температурасы республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде 2-10 градус жылы, күндіз 10-20 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!