Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан ірі қара мал етін сыртқа шығару талаптарына өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, сиыр етін экспорттауға қойылатын өлшемдерге бірқатар өзгеріс енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, өзіне тиесілі ет өңдеу кәсіпорындары бар бордақылау алаңдары үшін шекті көрсеткішті 500 басқа дейін төмендету қарастырылған.

Сондай-ақ, жеке ет өңдеу кәсіпорны жоқ, бірақ 5000 басқа дейін ірі қара ұстайтын бордақылау алаңдарына басқа ет өңдеу кәсіпорындары арқылы өнімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік беру ұсынылады.

Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, бұйрық жобасы отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленген.

Құжат 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!