Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 3 ақпанда 2025 жылғы көктемгі тасқын кезеңіне арналған алдын ала болжамды ұсынды. Онда тәуекелі жоғары аудандар тізімі берілген, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Гидрометеорологиялық орталық бұл болжамның су тасқынының орын алу ықтималдылығы бойынша орташа күндерді есепке ала отырып, алдын-ала жасалғанын атап өтті.

Мамандардың айтуынша, болжамды деректер ағымдағы синоптикалық жағдайларға байланысты алда нақтыланады. Өзендердің бетіндегі мұз еріп, сең жүре бастағанда апта сайын қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар ұсынылады.

Абай облысы

Жоғары қауіп-қатер: Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Мақаншы аудандары, Семей қаласы.

Орташа қауіп-қатер: Абай, Жаңасемей, Курчатов аудандары.

Ақмола облысы

Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Есіл, Қалқутан, Жабай, Сілеті өзендерінде, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасы бойында орналасқан аудандарда судың деңгейінен асып кету қаупінің жоғары екендігін көрсетеді.

Жоғары қауіп-қатер: Целиноград, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Зеренді аудандары.

Орташа қауіп-қатер: Бұланды, Жарқайың, Сандықтау, Ерейментау, Қорғалжын, Бурабай, Шортанды, Есіл, Жақсы аудандары, Көкшетау және Қосшы қалалары.

Шамалы қауіп-қатер: Ақкөл, Егіндікөл, Біржан сал және Степногорск аудандары.

Ақтөбе облысы

Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Қобда ауданындағы Қобда және Қоғалы ауылдарының гидрологиялық бекеттерінде Тамды, Бестамақ, Ақтөбе және Елек өзендерінің гидрологиялық бекеттерінде және үлкен Қобда өзендерінің бойында судың деңгейлерінің асып кету қаупінің жоғары екендігін көрсетеді.

Хромтау, Алға, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Мәртөк аудандарының аумақтары бойынша ағатын Ор, Темір, Ембі өзендері мен Елек өзенінің төменгі ағысы осы кезеңде су тасқыны белсенділігінің орташа қауіп-қатеріне ие. Көктемгі су тасқынының шамалы қаупіне мынадай өзендер жатады: Ырғыз, Шиелі, Қарғалы. Косістек, Ақтасты, Қарақобда, Көкпекті.

Алматы облысы

Алматы мен Алматы облысының гидрологиялық бекеттерінің көпшілігін көктемгі су тасқынынан өту қаупінің төмендігіне жатқызуға болады. Болған су тасқыны мен гидрометеорологиялық жағдайларды талдауға сүйене отырып, шартты түрде облысты келесі қауіп санаттарына бөлуге болады:

  • орташа қауіп-қатер: Балқаш, Талғар, Кеген, Жамбыл аудандары;
  • төмен қауіп-қатер: Алматы, Қонаев қалалары және Қарасай, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Раймбек аудандары.

Атырау облысы

Жалпы алғанда, болжамды деректерге сүйенсек, Атырау облысының аумағында орташа көпжылдық мәндерден асатын су ағынының өтуі күтіледі. Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Жылылой (Ембі өзені) және Қызылқоға (Ойыл өзені, Сағыз өзені, Ноғайты өзені) аудандарында су тасқынының өту белсенділігінің жоғары қауіп-қатерін көрсетеді. Емба өзені – Аққызтоғай ауылы гидрологиялық бекеті бойынша көктемгі су тасқынының ең жоғары деңгейі нормадан 3-49 см жоғары және қауіпті белгілерге жақындайды деп күтуге болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Жоғары қауіп-қатер: Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Самара, Алтай, Ұлан, Глубокое аудандары.

Орташа қауіп-қатер: Катонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандары, Риддердің әкімшілік аумағы.

Жамбыл облысы

Гидрологиялық бекеттер бойынша болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Меркі, Жуалы және Талас аудандарында өзендердің су ағыны орташа қауіп-қатерді көрсетеді.

Жетісу облысы

Жоғары қауіп-қатер: Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандары.

Орташа қауіп-қатер: Панфилов, Сарқан аудандары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!