Елімізде су тасқынын болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 2025 жылғы 18 ақпандағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдемесінен белгілі болды.
«Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді»,- делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.
«Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді».
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз.
«Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады»,- деп нақтылады ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!