Алдағы бес жылда Қазақстанда табыс декларациясы жойылуы мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінде декларацияны алдын ала толтыру режимі қарастырылған, бұл салық есептілігін тапсыру рәсімін едәуір жеңілдетеді.

«Егер біз бақылау-кассалық аппараттар арқылы немесе басқа дереккөздерден ақша айналымын көретін болсақ, онда декларацияны толтыру бойынша сервис ұсынамыз. Жалпы алдағы бес жыл ішінде декларация тапсырудың өзі тоқтауы мүмкін, себебі қазірдің өзінде барлық мәлімет ашық.  Біз төлемдерді көріп отырыз, алушылар деректерін көрсетеді. Сондай-ақ, табысқа қатысты деректерді де көріп отырмыз, өзге мемлекеттік органдардан да ақпарат түседі. Сондықтан декларациялаудың өзі келмеске кететін шығар», – деді Біржанов Мәжіліс кулуарында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!