Қызылорда-Арал автожолы кеше, 26 қаңтардан бастап ақылы болды, деп хабарлайды Zakon.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚР Көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойғанын хабарлаған еді.

Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:

  • «Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі,
  • «Жезқазған – Петропавловск» республикалық маңызы бар автожолының «Жезқазған – Арқалық» учаскесі,
  • «Арқалық – Торғай» облыстық маңызы бар автожолы,
  • «Торғай – Шеген – Ақшығанақ – Дүкен – Ырғыз» аудандық маңызы бар автожолы,
  • «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының «Ырғыз – Арал» учаскесі;

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!