Елімізде темекінің ең төменгі бағалары өсіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатта «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 970 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін» делінген.

2025 жылы «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26923 болып тіркелген) өзгеріс енгізілген.

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!