Sputnik. Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы қайтадан көтерілуі мүмкін.

Қазақстанның қаржы министрлігі ашық НҚА порталында темекінің ең төменгі бағасын көтеру бойынша бұйрық жобасын жариялады.

«Жобаның мақсаты – фильтрлі, фильтрсіз темекіге, папиростарға және қыздыратын темекісі бар өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу», – делінген хабарламада.

Құжатты 19 маусымға дейін талқылауға болады. Қаржы министрлігінің қазіргі бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі баға 870 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!