«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім еткендей, 2025 жылдан бастап елде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төлқұжат жасату құны:

– 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);

– Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.

– 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ қазақстандықтар қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек алуына болады.

Жеке куәлік жасату құны:

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлейтін болады.

Жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін: 1 жұмыс күнінде әзірлеп беру – 3 372 теңге, 3 жұмыс күнінде дайындап беру үшін – 1 771 теңге төлеу керек.

Облыс орталықтары үшін: 3 жұмыс күні – 3 372 теңге. 5 жұмыс күні – 1 771 теңге.

Аудандар мен облыс қалалары үшін: 7 жұмыс күні – 605,31 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!