Қазақстанда тоқтау сызығынан өтіп тоқтағаны үшін салынатын айыппұл сомасы аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда тоқтау сызықтары автоматты камералар арқылы бақыланады, сызықтан асып тоқтағандарға салынатын айыппұл көлемі 3 АЕК – 11 796 теңгені (2026 жылдан бастап 12 975 теңге) құрайды. Қайталанған заң бұзушылық үшін 10 АЕК – 39 320 теңге (2026 жылдан бастап 43 250 теңге) айыппұл салынады.

Даулы жағдайларда жүргізушілер полиция департаментінде шығарылған шешімге шағымдана алады. Мұндай өтініштер жеке-жеке қаралады.

Сонымен қатар бағдаршамның қызыл жарығына өткендерге де 10 АЕК айыппұл салынады. Егер заң бұзушылық айыппұл салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл сомасы 15 АЕК-ке дейін өседі.

Айта кетейік, қазір 1 АЕК мөлшері – 3 932 теңге, ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!