Фото: ашық дереккөзден

Әділет министрлігі туу туралы куәліктің форматына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Құжатта реттік нөмір жазылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Онда Әділет министрлігінің туу туралы куәліктерді қорғау талаптарын бекітетін бұйрыққа өзгерістер енгізелетіні жазылған.

«Туу туралы куәлік бланкісінде реттік нөмір болады» деген тармақ бұйрыққа енгізіледі делінген қаулы жобасында.

Құжат 12 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!