Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еліміздің қалаларында интернетке бірыңғай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
«Жоба бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандарда желіні орналастыру көзделеді. Нақтырақ айтсақ, шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ, мектептер мен медициналық мекемелерде пайда болады», – деп жазылған хабарламада.
Бірінші кезеңде жоба 10 қалада 400 орынды қамтиды. 2026 жылға қарай желіні 10 мың нүктеге дейін, ал 2027 жылға қарай 20 мыңға дейін кеңейту жоспарланып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!