Жаңа жылдан бастап жалға берілетін баспана бағасы өсуі мүмкін. Сарапшылар бұл жағдайды салық төлемінің көбеюімен байланыстырып отыр. Дегенмен мемлекеттік кіріс органдары көлеңкелі бизнеспен айналысатын жалға берушілерді анықтай бастады. Мамандардың айтуынша, жалға берілетін тұрғын үй бағасы төмендеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Александр Дубровиннің мәліметінше, жалға берілетін баспана бағасы арзандап жатыр. Жалпы алғанда, төмендеу шамамен 1-ден 9 пайызға дейін байқалады. Бұл көрсеткіш бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Петропавл қаласында бағалар шамамен 9% төмендеді. Бұл қалада шамамен 100 мың теңгеге жақсы бір бөлмелі пәтер жалға алуға болады. Павлодарда да бағалар 8 пайызға дейін төмендеген. Сарапшылардың айтуынша, мұндай төмендеудің себептері түсінікті.

«Жастардың үлкен қалаларға кетуі жиіледі. Біз айтып отырған бұл құбылыс бізге таңсық емес. Былтыр дәл сондай мәселе көтеріліп, дәл сондай сандар анықталған еді. Яғни жыл сайын өңірлерден адамдар ірі қалаларға көбірек көшеді”, – деді сарапшы.

Статистикаға сенсек, ірі қалаларда тұру да біршама арзандады – Астанада 3%, ал Алматыда бар болғаны 1% арзандаған. 

Сарапшының пікірінше, пәтерлерді жалға алу құны салық салу жүйесіне байланысты болады. Жаңа жылы бағалардың өсуі мүмкін деп болжайды. Негізгі себеп ретінде заңсыз жалға берушілерді анықтау жұмысының күшеюін атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!