KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «БиЭнКей коммерциялық банкі» АҚ-на банк операцияларын жүргізуге лицензия берді.

Хабарланғандай, банк активтері 103 млрд АҚШ долларынан асатын оңтүстіккореялық BNK Financial Group Inc. халықаралық қаржылық холдингінің бір бөлігі.

Шетелдік банктің ашылуы мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жарияланған елге сенімді шетелдік банктерді тарту және банк секторындағы бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға сәйкес келеді. Бұл Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банк лицензиясы. «БиЭнКей банкі» әмбебап цифрлық қызметтерді дамытуға, шағын және орта бизнесті несиелендіруге және автонесие беруге бағытталған.

Қайта құру кезінде ұйымның активтері 25,8 млрд теңгені, ал несиелік портфелі 21,8 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұйым актив көлемі бойынша микроқаржы ұйымдары арасында 15-ші орынға ие болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!