Эстониялық Bolt компаниясы Қазақстан халқына такси қызметін ұсынуы мүмкін. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің пікірінше, елімізде такси бағасын төмендету үшін нарыққа басқа да компанияларды тарту керек. Қазір ведомство халыққа таңдау беру үшін тиісті компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр.
«Біздің ішкі нарыққа Bolt компаниясы кіріп жатыр. Олар қазір самокаттан бастап, сосын таксиге ауысады. Яндекс пен Индрайвер компаниялары қазір бір бірімен бәсекелес», – деді Сауранбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде өңірлерде жекеменшік қазақстандық компаниялар такси қызметін көрсетеді. Бірақ Астана, Алматы сияқты ірі қалаларда негізінен Яндекс пен Индрайвер жұмыс істейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!