Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Астана – Талдықорған бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасының іске қосылатынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Жаңа бағытты ашу туралы шешім Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен қабылданды.

Бұл жоба Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар ағынының өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз әрі тұрақты теміржол қатынасын жолға қоюға бағытталған.

Алғашқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы екі жолаушылар вагонын бөлді. Олар күн ара жүріп, №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында қатынайтын болады.

Ақтоғай станциясында вагондар №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына тіркеледі. Бұл бүкіл бағыт бойымен үздіксіз әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, аталған формат – жобаның бастапқы кезеңі. Жолаушылар тарапынан тұрақты сұраныс болған жағдайда, вагондар саны мен пойыз қозғалысының жиілігі кезең-кезеңімен арттырылып, маршрут халықтың қажеттіліктеріне сәйкес бейімделетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!