Қазақстанда тағы бір «төтенше» нөмір пайда болады. Қаржы министрлігі тегін қосылатын қызметтер тізіміне өзгерістер енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігі жариялаған заң жобасында қосылу байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін тегін төтенше медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, апаттық және басқа да қызметтердің тізімі бекітілген. Осы тізімге жаңа тегін нөмірлер қосылады: 1484; 8 800 080 30 84. Осы нөмірлер арқылы азаматтар цифрлық қызметтер бойынша кеңес ала алады.

«Жобаны қабылдау азаматтар мен ұйымдарға цифрлық қызметтер мәселелері бойынша қаржы министрлігінің консультациялық қолдауына тегін және теңдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді», – делінген құжатта. 

Осылайша, қазақстандықтар 1484 колл-орталығына жедел жәрдем немесе полиция секілді, тегін қоңырау шалып, қажет көмек ала алады.

Құжат 16 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ашық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!