Фото: primeminister.kz
Қазақстанда жеңілдетілген авто несие енді берілмейтін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстан үкіметі жеңілдетілген автонесие мәселесін бір жарым жыл бұрын жапқан, қаражат тек қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.
«Бұл жерде біз дұрыс шешім қабылдадық деп санаймын. Жеңілдікпен несиелеуге ешкімнің ешқашан көңілі толмайды. Бұл түсінікті де, себебі адам тым көп, ал оған жұмсауға болатын ақша тым аз. Автокөлік өндірушілер де, қаржы нарығы да бір орнында тұрмайды. Үкімет автокөлік сатып алуды жеңілдету үшін жеке тұлғаларға арналған лизинг енгізу туралы түзетуді заңнамалық деңгейде қолдады», – деді Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, көлік сатумен айналысатын компаниялардың өздері түрлі қаржылық құралдар енгізіп, көлікті бөліп төлеу арқылы сатып жатыр. Ал жеңілдетілген автонесиелеуге бағытталған қаражат өңірлерде қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!