Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 ақпандағы бұйрықпен еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру ережелеріне және басқа да бұйрықтарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру тәртібі өзгертілді.
Құжатқа сәйкес, жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын бақыланған орны бойынша медициналық ұйымда медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігері), егер ондай маман болмаған жағдайда жүктіліктің отызыншы аптасында ДКК қорытындысынан кейін ұзақтығы жүз жиырма алты күнтізбелік күн мерзімге (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) бөлім меңгерушісімен бірлесіп дәрігер (терапевт, жалпы практика дәрігері) береді.
Жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ берілген күні пациенттің амбулаториялық медициналық картасында диагнозы (жүктілік мерзімі) белгіленген әйелдің денсаулық жағдайы туралы тиісті жазба жасалады.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын және/немесе жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлігі бар әйелдерге жүктіліктің жиырма жетінші аптасында жүктілік және босану бойынша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы қалыпты босанған жағдайда ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күн (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн) беріледі («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес).
Қазақстан Республикасының шегінде тұрақты тұрғылықты мекенжайынан уақытша кеткен әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы босанған (мерзімінен бұрын) медициналық ұйымда немесе Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес босандыру ұйымының үзінді көшірмесіне (алмастыру картасына) сәйкес бақыланған орны бойынша медициналық ұйымда беріледі (ұзартылады).
Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі және босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, жүкті әйелдің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу фактісі және баланың (балалардың) медициналық ұйымда туу фактісі (баланың туу туралы куәлігі) куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында расталуы тиіс;
Қиын босанулар тізбесінде көрсетілген қиын босану жағдайда немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бақыланған орны бойынша медициналық ұйымдағы медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда дәрігер (терапевт, ЖПД), ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, денсаулық сақтау босандыру ұйымының шығару парағына сәйкес қосымша күнтізбелік он төрт күнге береді және ұзартады.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын және/немесе жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлігі бар әйелдерге қиын босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бақыланған орны бойынша медициналық ұйымдағы медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда дәрігер (терапевт, ЖПД), ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, денсаулық сақтау босандыру ұйымының үзінді көшірмесіне сәйкес бақыланған орны бойынша қосымша күнтізбелік он төрт күнге береді және ұзартады («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес);
Жүктіліктің жиырма аптасынан бастап отыз аптаға дейінгі мерзімінде босанған және дене салмағы бес жүз грамм және одан жоғарғы бала туу жағдайында, босану кезіндегі асқынулар мен жүргізілген операцияға қарамастан, әйелге босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күнге босану фактісі бойынша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын және/немесе жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлігі бар әйелдерге жиырма екі аптадан бастап жиырма жетінші аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған жағдайда, босану кезіндегі асқынулар мен жүргізілген операцияларға қарамастан, әйелге босанғаннан кейінгі босану фактісі бойынша күнтізбелік тоқсан үш күн еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес);
Әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде жүктілікке және босануға байланысты демалыс жүктіліктің 30 аптасынан бастап ұзақтығы жүз жиырма алты күнтізбелік күнге (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) есептеледі.
Жүктіліктің отызыншы аптасында жүкті әйел стационарда болуы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қажет болған жағдайда, жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бақыланған орны бойынша медициналық ұйымда медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), егер ондай маман болмаған жағдайда бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер (терапевт, жалпы практика дәрігері) ДКК қорытындысынан кейін медициналық денсаулық сақтау ұйымының үзінді көшірмесіне сәйкес ұзақтығы жүз жиырма алты күнтізбелік күн (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) мерзімге береді.
Әйел босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезінде босанғаннан кейін осы қағидалармен көзделген ұзақтықта ғана демалыс ұсынылады.
Әйел үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде жүктілік басталған жағдайда әйелге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктіліктің отызыншы аптасында ұзақтығы жүз жиырма алты күнтізбелік күн (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) мерзімге беріледі.
Босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі.
Жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда – еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.
Өздігінен аборт (түсік тастау) жасаған жағдайда медициналық қызметкер (акушер-гинеколог дәрігері), ал ол болмаған жағдайда – дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп ДКК-нің қорытындысынан кейін бақылау орны бойынша босандыру ұйымының/көпбейінді стационардың үзіндісіне сәйкес амбулаториялық пациенттің медициналық картасында еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріледі, медициналық ақпараттық жүйеде науқастың жағдайын сипаттайтын, диагнозымен қиын көрсетілген тиісті жазба жүргізіледі.
Эмбрионды орналастыру операциясын жүргізу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын эмбрионды отырғызған күннен бастап жүктілікті анықтау фактісіне дейін операция жүргізген медициналық ұйым береді.
Биологиялық ана суррогат ана болған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы тікелей перзентханада баланың туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн мерзімге беріледі.
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі.
Қиын босанулар тізбесіне:
- HELLP синдромы
- Жүктілік кезіндегі жүктілік талмасы
- Босану үстіндегі жүктілік талмасы
- Босанудан кейінгі кезеңдегі жүктілік талмасы
- Егіз балаға жүкті болу
- Үш балаға жүкті болу
- Төрт балаға жүкті болу
- Қан кетуі қабаттасқан бала жолдасының алда жатуы
- Қан ұйығыштығының бұзылуы қабаттасқан бала жолдасының мерзімінен бұрын ажырауы
- Мезгілінен ерте босанумен мезгілінен ерте толғақ
- Уақытылы босанумен мезгілінен ерте толғақ
- Жосықсыз толғақсыз мезгілінен ерте босану
- Босандыру процессі үстіндегі шаттың үшінші дəрежелі жыртылуы
- Босандыру процессі үстіндегі шаттың төртінші дəрежелі жыртылуы
- Жатырдың босану басталғанға дейін жарылуы
- Жатырдың босану үстінде жарылуы
- Жатырдың босанудан кейінгі айналуы
- Жамбас ағзаларының басқа акушерлік жарақаттары
- Жамбас буындары мен байламдарының акушерлік жарақаттары
- Босану мен босанудан кейін немесе босандыру үстіндегі ана шогі
- Акушерлік оперативтік əрекеттер мен басқа ем шаралар туындаған асқынулар
- Қышқашты орта тұсқа салу (қуыстық)
- Қышқашты орта тұсқа бұрай салу (қуыстық)
- Вакуум-экстракторды пайдалану
- Элективті кесарь тілігін жүргізу
- Кесарь тілігін мезгілінде жүргізу
- Жатырды сылып тастаумен жүргізілген кесарь тілігі
- Кесарь тілгі арқылы босандырылған бір ұрықты басқа босанулар
- Кесарь тілгі арқылы босандырылған анықталмаған босанулар
- Босандыру кезіндегі құрылысын бұзу операциясы
- Көп ұрықты босанулар, барлығы өздігінен
- Көп ұрықты босанулар, барлығы қышқаштар мен вакуум-экстракторды қолдану арқылы
- Көп ұрықты босанулар, барлығы кесарь тілігімен
- Босанудан кейінгі сепсис
- Босанудан кейінгі кезеңдегі терең флеботромбоз
- Акушерлік ауа эмболиясы
- Қағанақ сұйықтығымен эмболдану
- Акушерлік басқа эмболия
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Бұйрық 2025 жылғы 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!