Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Sputnik. Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі (840 м) шілде айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев баяндады.

Тоннелдің ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік береді.

«Екінші жоба — Алматы агломерациясы үшін транзиттік маңызы зор, ұзындығы 6 шақырымды құрайтын Шамалған стансасындағы автомобиль жол айрығы қыркүйек айында іске қосылады», – деді министр.

Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізімен байланыстыратын 262 шақырымдық «Мерке – Бурылбайтал» автожолы да пайдалануға беріледі.

Шақпақ баба асуындағы автомобиль туннелі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Шақпақ баба асуындағы автомобиль тоннелі© Photo : Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан 1,3 мың метрлік көпірдің құрылысын осы жылы аяқтау жоспарланған. Жаз мезгілінде паром арқылы, қыс мезгілінде мұздың үстімен жүретін тұрғындар үшін көпірдің ашылуы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді.

«Ол Шығыс Қазақстан облысындағы 4 ауданды бір-бірімен байланыстырады. Бұл тарихи жоба 60 жылдан бері талқыланып келе жатқан еді», — деді Қарабаев.

Тағы бір жоба — Батыс Қазақстанның шалғайындағы Бөкей Ордасы туристік аймағын дамыту мақсатында ұзындығы 245 шақырым болатын «Казталовка – Жәнібек» және «Өнеге – Бисен – Сайқын» автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары да осы жылдың соңына дейін толықтай аяқталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!