Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда
Қазақстандағы халық саны туралы мәлімет жаңарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 387 811 адамға жеткен. Шілдедегі жағдай бойынша бір ай ішінде халық саны 17,1 мыңнан аса адамға өскен. 1 маусымда елде 20 370 672 адам тұрған.
Халық саны ең көп өңірлер:
- Алматы – 2 319 893 адам;
- Түркістан облысы – 2 150 228 адам;
- Алматы облысы – 1 578 089 адам;
- Астана – 1 576 337 адам.
Халқы миллионнан асатын өңірлер:
- Шымкент – 1 277 743 адам;
- Жамбыл облысы – 1 220 041 адам;
- Қарағанды облысы – 1 132 697 адам.
Халық ең аз қоныстанған өңірлер:
- Ұлытау облысы – 220 266 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 518 049 адам;
- Абай облысы – 599 449 адам.
Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалада тұрады: 12 899 438 адам. Ауылдық жерлерде 7 488 373 адам тұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!