Қазақстан автобизнес қауымдастығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, елімізде көлік иелерінің орташа жасы – 39 жас. Бұл туралы turkystan.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Деректерге сүйенсек, жаңа көлікті көбінесе 35-44 жастағы адамдар тізгіндейді екен. Ал жалпы автөкөлікті көбіне 35-44 жастағы әйелдер мен 25-34 жастағы ер адамдар жүргізеді.
«Сауалнама қорытындысы бойынша, Hyundai Cresta және Nissan Qashqai маркалы көліктерінің жартысы әйелдерге тиесілі екен. Респонденттердің 63%-дан астамы Kia Picanto көлік маркасын әйелдерге арналған көлік деп есептейді. BMW маркалы көлігінің иелері орташа есеппен 34 жаста. Ал UAZ автомобиль иелері орташа есеппен алғанда 44 жаста», – делінген хабарламада.
Барлығы 73 мыңнан астам сауалнама өңделген. Олардың негізінде еліміздегі көлік иелерінің жасы бойынша автомобиль брендтерінің рейтингі жасалынды.
Айта кетсек, елімізде танымал көлік маркалары – Toyota, Hyundai, Kia, Volkswagen, Audi және Lexus.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!