Фото: pixabay.com
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық қауіпті өңірлерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісінің қатері бар аймақтар қатарына Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі кірген. Яғни, Алматы қаласынан бөлек Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу мен Алматы облыстары жерасты дүмпулері болуы мүмкін өңірлер ретінде танылған.
Ал, бір ай бұрын ғана 4,5 баллдық жер сілкінісі тіркелген Қарағанды мен дүмпу болған Қостанай облыстары қауіпті аймақтар тізімінде жоқ.
«Әрбір тұрғын өз-өзіне жауапкершілікпен қарап, сақтану шараларын білуі қажет. Мысалы, Алматы қаласының өзінде сейсмикалық жаттығулар өтеді. Сондай жаттығуларға бей-жәй қарамай, жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін біліп жүруі тиіс. Өзінің тұратын жеріне жақын қауіпсіз орындарды белгілеп, жер сілкінісі бола қалған жағдайда сондай қауіпсіз орындарды паналаған жөн”, – дейді орталық сейсмикалық обсерваториясының басшысы Жансая Досымбекова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!