Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су қоймаларына қанша тасқын суы жиналғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналған. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
«Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді», – деді су ресурстары және ирригация министрі.
Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!