Қазақстандық кәсіпкер әйел Blue Origin компаниясымен ғарышқа ұшады. Ұшатын күн жақын арада белгілі болмақ. Бұл турлы Stan.kz ақпарат агенттігі BlueOrigin басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен суборбитальды туристік рейске аттанады. 1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар.
Blue Origin веб-сайтында Даннаның медиа, тарату және іс-шараларды жоспарлауда 25 жылдан астам тәжірибесі бар екені айтылған. Ол альпинист, Килиманджаро мен Эльбрусқа шыққан.
«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді игере отырып, біз технологияларды ғана емес, өз мүмкіндіктерімізді де кеңейтеміз. Мен үшін Blue Origin компаниясының NS-36 миссиясы – зерттеу жобасының бір бөлігі әрі талай жылдан бері армандап келе жатқан мақсатым жолындағы маңызды қадам», – деп жазды Қарағұсова Instagram парақшасында.
Данна Қарағұсова – FMG маркетинг холдингінің негізін қалаушы. Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Сенат пен Мәжілістің бэкс-депутаты Гүлжан Қарағұсованың қызы.
NS-36 миссиясы New Shepard бағдарламасы бойынша 15-ші адам басқарылатын ұшу болып табылады. Бүгінгі күні Blue Origin миссиясына 75 адамды жіберді.
NS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-пилотты ұшырылым. Бүгінге дейін Blue Origin ғарышқа 75 адамды жіберген. Ұшу Карман сызығының үстінен өтеді. Бұл ғарыштың халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы. Әдетте ол шамамен 10–12 минутқа созылады. Оның ішінде бірнеше минут салмақсыздық жағдайы болады және Жерді ғарыштан көру мүмкіндігі беріледі.
Ұшу күні жақын арада жарияланады. Бұған дейін Blue Origin болжалды мерзім ретінде қазан айының басын атаған еді. Ұшуды тікелей эфирде тамашалауға болады.
Blue Origin компаниясының ғарыш кемесімен алғашқы суборбиталық ұшу 2021 жылдың 20 шілдесінде өтті. Ұшуға қатысушылардың бірі америкалық миллиардер, Amazon және Blue Origin компанияларының негізін қалаушы Джефф Безос болды.
New Shepard кемесімен ұшудың нақты бағасы ресми түрде жарияланбайды. Алайда интернеттегі деректерде оның құны шамамен 500 мың доллар (273 245 000 теңге) деп көрсетіледі. 2021 жылы Джефф Безоспен бірге алғашқы ғарыш сапарына билет онлайн-аукционда 28 миллион долларға (15 301 720 000 теңге) сатылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!