Фото: kaz_karateofficial

KAZINFORM – Қазақстандық Бэлла Самашева Ыстанбұл қаласында WKF каратэден өтіп жатқан Премьер-лига бәсекесінде үздік шықты.

Қазақстандық каратэші осындай деңгейдегі жылдың алғашқы додасында 55 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Бэлла финалда словакиялық Нина Квасникованы ұтты. Бұл – ұлттық құраманың қоржынына түскен алғашқы жүлде.

Сондай-ақ команда көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) финалға шықты. Соңғы бәсекеде ол Непал өкілімен күш сынасады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!