Фото: depositphotos.com
Қазақстандық сериалдар отандық көрермен арасында ғана емес, шетелдер де танымал болып келеді. Бұл туралы Top Pro Cinema продюсерлік орталығының бас директоры Александр Аксютиц Үкімет отырысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда сериал өндірісі қарқынды дамып келеді.
«Бұл тенденцияға қазақстандық және халықаралық стриминг платформаларының белсенділігі айтарлықтай әсер етіп жатыр. Қазір бізде жыл сайын ондаған емес, жүздеген жаңа сериал түсіріледі. Олар телеарналарда жоғары рейтингтер жинап, интернетте миллиондаған қаралымға ие болып отыр. Ең қызығы: қазақстандық сериалдар тек елімізде емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие. Сондықтан халықаралық цифрлық сервистер мен медиахолдингтер қазақстандық контентке ерекше назар аударып отыр. Қазір біздің өнімдерімізді Ресей, Қырғызстан, Ирландия, Германия, Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Өзбекстан сатып алып жатыр», – деді Аксютиц.
Оның айтуынша, кейбір қазақстандық арналар кейінгі екі жылда 30-дан аса сериалды шетелге сатқан, ал олардың халықаралық нарықтағы дистрибуциясын немістің ZDF медиахолдингі өз қолына алған.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жобалар санын көбейтіп, пайда түсіруді ғана мақсат етпей, фильмдердің сапасына баса назар аударуды тапсырғанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!