Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы

Еліміздің әр өңірінен жиналған шебер әжелер құраған көрпе әлемдік рекорд ретінде тіркелді, – деп хабарлады Қазақпарат.
«Бүгін сағат 13.00-де ерекше іс-шара өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті. Осылайша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд орнатылды», – деп хабарлады Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, санаулы сағаттан соң V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуы өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!