Фото: olympic.kz

Қазақстанның үстел теннисі құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарынан кейін әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко 3 саты жоғарылап, 34-орынға жайғасқан. Кирилл Герасименконың еншісінде 691 ұпай бар.

Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында үстел теннисінен бақ сынаған Кирилл Герасименко жарыстың 1/8 финалдық кезеңіне дейін жеткен еді. Қазақстандық спортшы бұл айналымда мысырлық Омар Ассардан 4:2 есебімен жеңілген болатын. Десе де Париж Олимпиадасының нәтижесі бойынша Кирилл Герасименко қоржынын 175 ұпаймен толықтырған.

Ерлер арасындағы жекелей сындағы әлемдік рейтингте қытайлық Чукин Ванг (7925 ұпай) көш бастап тұрса, екінші бір қытайлық теннисші Фань Чжэньдун (5523 ұпай) екінші орынға жайғасқан. Ал бразилиялық Уго Кальдерано (4070 ұпай) үздік үштікті түйіндеп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!