2023 жылы қазақстандықтар банк қосымшалары арқылы бір-біріне 80 трлн теңге аударған. Бұл туралы бүгін брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың әкімшілік кірістері басқармасының жетекшісі Дина Құсайынова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«2023 жылы шамамен 80 трлн теңге мобильді қосымшалар арқылы аударылған. Осыны тексеру туралы бастама шыққаннан бері қандай қарсылық болып жатқанын көріп отырсыздар ғой. Қазір жағдайға анализ жасап, ақпан айына дейін банктерге осы ақшаны аударған адамдардың ЖСН береміз. Өз кезегінде банктер де анализ жасап, оның қорытындысын ұсынуы керек», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!