Фото: freepik.com

2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбі болып қалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қыстың соңғы айы жылдағы ең қысқа ай болғандықтан, қазақстандықтарды барлығы сегіз демалыс күні күтіп тұр.

Сонымен қатар ақпан айында кәсіби және өзге де атаулы күндер бар. Олар жұмыс күніне сәйкес келгенімен, осы салаларға қатысы бар азаматтар оларды атап өтіп, бір-бірін құттықтайды. Кәсіби мерекелердің тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығында жарияланған.

Ақпандағы мерекелер қатарында 1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні, 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні бар. Одан бөлек дүние жүзінде Қатерлі ісікке қарсы күрес күні, Адамзаттық бауырластық халықаралық күні, Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні секілді мерекелер бар.

Сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да 14 ақпанда Әулие Валентин күні немесе Ғашықтар күні атап өтіледі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!