Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа сервис азаматтарға Қазақстанда тіркелген көлік туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнда әкімшілік айыппұлдар, кедендік рәсімдер, утилизациялық алым төленуі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар жөнінде мәліметтер қамтылады.

Ақпарат алу үшін азаматқа көліктің VIN кодын енгізу жеткілікті. Бұл қызмет «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелгеннен кейін қолжетімді. 

Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!