Синоптиктер Қазақстанда 8, 9 және 10 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, жақын күндері Қазақстан кезекті атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсерін сезеді. Күн бұлтты болады және жел соғады, республиканың солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей жерлерде секундына 30 метрге жетеді, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі, сонымен қатар циклон әсерінен қысқа мерзімге күн жылынады, кейін аяз басталады.
«Елдің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!