Фото: Zakon.kz

2024 жылдың шілде айында барлық қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалыс ала алмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана күніне байланысты келесі айда 5 күн жұмыс істейтіндерге барлығы 9 күн демалыс болады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндер Астана күніне орай демалмайды.

«Электрондық үкіметтің» ресми сайтындағы мереке және демалыс күндері күнтізбесіне сәйкес, Астана күніне орай 2024 жылғы шілдедегі мереке 6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес 6 шілде Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!