Фото: Apple

Қазақстандықтар iPhone 16 алу үшін қанша жалақысын жұмсауы керегі анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылы жарық көрген Apple компаниясының iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max модельдері Қазақстандағы Kaspi маркетплейсінде сатылымға шықты. Елдегі орташа айлық жалақы 382 мың теңге болса, қазақстандықтар жады 1TB жаңа телефонды алу үшін үш айдан астам уақыт жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Kaspi маркетплейсінде Apple смартфонының жаңа моделі пайда болған. Смартфонды кішігірім электронды дүкендерден алуға болады. Ал Sulpak немесе «Технодом» сынды ірі электроника дүкендерінде жаңа iPhone 16 әлі сатылымға шықпаған.

Жаңа смартфондардың бағасы

IPhone 16 Pro құны:

  • жад көлемі 128GB – 724,8 мың теңге,
  • жад көлемі 256GB – 767,7 мың теңге,
  • жад көлемі 512GB – 995,8 мың теңге,
  • жад көлемі 1Tb – 1,1 млн теңге.

IPhone 16 Pro Max құны:

  • жад көлемі 256GB – 918,3 мың теңге,
  • жад көлемі 512Gb – 1,09 млн теңге,
  • жад көлемі 1Tb – 1,2 млн теңге.

128 Гбайт iPhone 16 Pro ең арзан моделінің бағасы смартфонның түсіне байланысты 724 мың теңгеден бастап өзгереді. Ең қымбат модель – қара түсті 1TB-де iPhone 16 Pro Max 1 287 893 теңге тұрады.

Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда 2024 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 382 мың теңге болған. Яғни ең арзан iPhone 16 Pro моделін алу үшін екі айлық, ең қымбат iPhone 16 Pro Max моделін алу үшін төрт айлық жалақыны жұмсау керек.

Комитеттің ақпаратына сүйенсек, елде ең аз жалақыны балықшылар алады – 134 мың теңге. Балықшылар 1TB-де iPhone 16 Pro Max құны 1 287 893 теңге болатын смартфонды алу үшін 10 айлық жалақысын жинауы керек. Ал ресми деректер бойынша ең көп жалақы алатын, яғни айына 1 млн 372 мың теңге табатын сақтандыру саласының мамандары ең қымбат iPhone-ды бір жалақысына ала алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!