Ұлыстың ұлы күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наурыз – ең көп демалысы бар айлардың бірі. 2025 жылы наурызда да қазақстандықтар бірнеше күн демалады.

Наурыздағы мерекелер

Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында қанша күн демалады?

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз – жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.

Айта кетейік, наурызда қазақстандықтар жалпы 14 күн демалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!