Жаңа 2026 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар 12 күн демалады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады?

Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар – Жаңа жылға арналған мерекелік күндер;
  • 3 және 4 қаңтар – демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар (сәрсенбі) – Рождество – демалыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар – мерекелік күндер;
  • 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар – демалыс күні (Рождество).

Еңбек министрлігі 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!