Фото: Midjourney
Қазақстандықтар жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай демалыс алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді, сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс;
26 қазан, сенбі – әдеттегі демалыс;
27 қазан, жексенбі – әдеттегі демалыс.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күнін пайдалана алады, бірақ 26 қазан жұмыс күні болады.
Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай демалыс 2022 жылдан бастап беріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!