Фото: Kazinform

Қазақстандағы Шенген консулдығы 160 мың визалық өтінімді өңдеген, – деп хабарлады Қазақпарат.

«Қазақстандағы Шенген консулдығы визалық өтініштердің рекордтық санын өңдеді – 160 мың. Бұл біздің қарым-қатынастың серпінді динамикалық дамуының көрсеткіші», – деді Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссияның вице-президенті Жозеп Боррель Астанаға ресми сапарында БАҚ өкілдері алдында мәлімдеме жасап. 

Оның айтуынша, ЕО мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасын дамытуға ықпал ететін авиациялық келісім дайын. 

Сондай-ақ, жоғарғы өкіл Еуропа командасының құны 20 миллион еуро болатын цифрлық спутниктік байланыс бастамасын жүзеге асыру бағытында жұмыстың жалғасып жатқанын айтты. Алдымен қауіпсіз спутниктік байланыс саясаты мен нормативтік базаны әзірлеу қажет. 

Бұған дейін қазақстандықтар үшін Еуроодақ елдеріне визалық режим жуырда жеңілдеуі мүмкін екендігі туралы хабарлаған едік. 

Айта кетейік, биыл 5 айдың ішінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сауда айналымы 20,2 млрд долларға жеткен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!