Фото: depositphotos.com

Иорданияға тікелей рейс туралы мәліметтер белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иорданияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хамза Аль-Омаримен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін талқылады.
2025 жылы ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иорданияға жасаған сапарының қорытындысы бойынша иорданиялық тарап елімізге рейс ашуды жоспарлаған болатын.
Осыған байланысты екі ел арасында әуе қатынасы туралы келісімді дайындау және қол қою мәселелері қаралды.

Хамза Аль-Омари «Royal Jordanian» әуекомпаниясы 2026 жылы маусымнан бастап Қазақстанға тікелей рейстерді аптасына екі рет орындауды жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстандық тарап рейстерді ашуға қолданыстағы келісімдер аясында көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Осылайша 2026 жылы жаздан бастап қазақстандықтар Иорданияға тікелей ұша алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!