фото: ps-online.ru
Қазақстандықтар Конституция күніне орай тамыз айында үш күн демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге түсіп тұр. Сол себепті қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.
Сөйтіп қазақстандықтар 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалады.
Жалпы алғанда, бұл жылдың тамыз айында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!