Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізбек. Ол Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады», – делінген ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгертілмек: Енді азаматтардың жынысы көрсетіледі

Жаңа жоба 21 мамырға дейін талқыланады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!