Биыл Қазақстанға тоғыз айда 17 миллиард теңгеге 52 мың тонна цитрус жемісі жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, жалпы импорттың 54 пайызға жуығы Қытайға тиесілі. Одан кейін Пәкістан тұр. Ал Түркиядан бес мың тоннаға жетер-жетпес мандарин импортталып, үшінші орында тұр. Биыл өткен жылдардағыдай сөрелерде самсап тұратын марокколық мандарин көрінбейді.
Бұл жеміс биыл Қазақстанға 37 пайызға көбірек жеткізілген.
Жемістің көлемі артқанымен, бағасы сол қалпында. Қытайда өсірілген цитрустың келісі Алматыда 1000-1600 теңге аралығында. Түркия мен Мароккодан әкелінетін цитрус жемісі 1500 теңгеге саудаланып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!