Фото: anatili.kazgazeta.kz

Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштері өскенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қонақүйлерде тұратын ішкі туристер саны шамамен 6 млн адамды құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 мыңға артық. 

«Жалпы, жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендерді есепке алмағанда, әртүрлі туристік мақсаттармен елге 15,3 миллион шетелдік қонақ келді. Оның ішінде 10,4 млн адам бізде 1 күннен астам уақыт өткізді, біз оларды шетелдік туристер ретінде қарастырамыз», деді Ержан Еркінбаев.

Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған.

«Туристер ең көп келетін өңірлер қатарында Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстары бар. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар», Туризм және спорт министрінің орынбасары.

2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция мөлшерінде оң серпін байқалған. 

«Ең үлкен өсім Батыс Қазақстан облысына тиесілі – 196,2%, Ұлытау облысында – 84,2%, Қызылорда облысында –63% тіркелді. 5 аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда теріс өсу қарқынын көрсетіп отыр. Сонымен қатар 2024 жылы жоспарлы көрсеткішті 9 облыс орындамаған», деді Ержан Еркінбаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!