Sputnik. Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап заңды тұлғалар үшін көлік әкелуге қатысты жаңа талап күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, көлік құралының типін мақұлдау туралы құжат тиісті талаптарға сәйкестігін растайды.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсініктемесі бойынша шығарылған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және көлік құралының типін мақұлдау құжаты негізінде әкелінетін көлік құралдарын сол құжатта көрсетілген тұлғалар ғана әкелуге құқылы», – дейді комитет мамандары.
Көлік құралының типін мақұлдау құжатында көрсетілген адам ғана әкелінген көлікті пайдалана алады. Бұл талап 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!