Фото: Google Карта
Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 қазанда сағат 01:32-де жер сілкінісі тіркелді.
«Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 669 шақырым жерде орналасқан», – деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпуі сезілмеді.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Жер сілкінісі кезінде істеу қажет 10 қарапайым қадам бар:
Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
Жасырынатын жер табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңіз болса өшіріңіз;
Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!