ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 2 маусымдағы «ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, шыққан еліне қарамастан, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен Қазақстаннан әкетуге тыйым салынады.

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін қылқан жапырақты ағаштардан жасалған ағаш шпалдар, сондай-ақ шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ағаш түйіршіктері ерекшелік болып табылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!