Фото: Pexels.com

Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитеті Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеуді алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 15 мамырда Еуропалық одақтың 27 елінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті. 

Комитет отырысы барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстанның авиациялық билік делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің жай-күйі туралы тыңдады.

Еуро комиссияның тасымалдау және көлік жөніндегі бас дирекциясының авиация департаментінің директоры Филип Корнелис 30 мамырдағы хатында: «Еуропалық комиссия Қазақстан қызметінің күшейтілген мониторингін аяқтау туралы шешім қабылдады» деп жазған.

Айта кету керек, 2022 жылы отандық авиакомпаниялар Еуропалық комиссияның «қара тізіміне» ену қаупі жоғары болған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!