Фото: Алтай Республикасының ТЖД

Қазақстаннан Моңғолияға аттанған автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасы мәлімдеді. Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені жайлы деректер 20 шілдеде сағат 06:13-те түсті. Өртенген автобус Астана – Баян – Углий (Моңғолия) бағытымен жүрген.

Салонда 50 адам болған. Оның 15 балалар, ал қалғаны ересектер.

«Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!