Sputnik. Наурыз айында Қазақстаннан Өзбекстанға туристік пойыз жүреді, деп хабарлайды Kazakh Tourism.
«Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағыты бойынша «Жібек жолы» теміржол туры наурыз айында басталады.
Туристік пойыз 20 наурызда жолға шығып, 25 наурызда оралады. Бұл жолы маршрутқа Тараз қосылды.
Тур бағдарламасында этноауылдағы мерекелік шараларды тамашалауға болады. Концерттік бағдарламалар қойылады, ұлттық рәсімдерді қызықтап, дәстүрлі тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік болады.
Туристерге арналып кәсіби гидтер қызмет етеді. Заманауи вагондар, тамақтану және экскурсиялар қарастырылған.
Толық пакеттің құны:️
Алматыдан шыққан жолаушылар үшін: ересектерге – 215 000 теңге, балалар үшін (4 жастан 14 жасқа дейін) – 155 000 теңге;
Ал Астанадан шыққан ересектер үшін – 260 000 теңге, балалар үшін (4 жастан 14 жасқа дейін) – 180 000 теңге.
Бұған дейін Алматыдан келген турдың құны ересек жолаушылар үшін 135 мың теңге, ал балалар үшін 100 мың теңге болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!